Дүйсенбі, 17 наурыз, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңіріндегі қалалар ауызсумен 100 пайыз қамтылған

13.02.2025

610 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті.

Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын, ал облыстың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Сыр өңіріндегі қалалар ауызсумен 100 пайыз қамтылған

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: