Жұма, 27 желтоқсан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды

20.11.2024

247 0

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Биыл жоспарланған 517,5 млрд теңге меженің 478,3 млрд теңгесіне 10 айда қол жеткізілді. Соңғы үш жылда 30,3 млрд.теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылды. «Атап өту қажет, өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалуда. 2022 жылы 373,5 млрд. теңге индикатор белгіленген еді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,3 млрд.теңге болды. Ал, өткен жылы 424,2 млрд.теңге индикатор бекітіліп, жоспар 21%-ға артығымен орындалды, яғни 513,7 млрд.теңге инвестиция тартылды», – деді Н.Нәлібаев.

Қызылорда көрсеткіштің өсу қарқыны, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңірлер арасында І орынға шықты. Өнеркәсіп саласының дамуына серпін берген шыны зауыты арқылы өндіріске 42 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қажетті шикізаттар шетелден, әсіресе Ресейден, Өзбекстаннан тасымалдануда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37,1 млрд. теңгенің 28,7 млн. шаршы метр шынысын өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам жұмыс жасауда. Инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік компания басшылары, дипломатия өкілдері облысқа жұмыс сапарымен келіп, кездесулер ұйымдастыруда. Аймақта инвесторларға қолайлы климат қалыптасты деп айтуға толық негіз бар.Сыр өңірінде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар қатарында «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен салынған «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы бар. «Акса Энерджи» түрік компаниясының инвестициясына қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: