Сейсенбі, 08 шiлде, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

08.07.2025

43 0

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды.

Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)
Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды)іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, а.ж. 18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері,
сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация (10 слайдтан аспайтын);
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (word форматы);
Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: