Жұма, 09 мамыр, 19:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

«Тағзым» алаңында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті

09.05.2025

42 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін “Тағзым” алаңында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті. Оған ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын жеңіс күнімен құттықтады.

“Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери шеруде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз елдік үшін күрескен батырбабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғаужолында опат болған боздақтарға тағзыметеміз», – деп, «500-ге жуық көшегеҚазақстан қаһармандарының есіміберілетінін» атап өтті.
Осы орайда, ерекше атап өту қажет, оның 146-сы облысымыздың ардагерлері. Жыл аяғына дейін қаһармандардың есімдері көшелерге беріледі.
Елдің азаттығы үшін сұрапыл соғыста жеңген ерлердің ерен ерлігін, шексізбатырлығын жадымызда жаңғырту,оларды мәңгі есте сақтау – қасиеттіборышымыз.
Жеңіс күні арыстарымызды еске алып, арамыздағы ардақты ардагерлерімізге құрмет көрсету – елдік парызымыз.
Арын – байрақ, намысын найза еткенерлеріміздің қаһармандығы аңызғаайналуда.
Бүгінгідей Тәуелсіз ел болып, еңсеміздің биік болуы, өркендеп-өрістеуіміз де – осы Ұлы Жеңістің жемісі.
Аға буынның қайсарлығы мен төзімділігі, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт замаңда еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Біз, әрқашан да Жеңіс мерекесін туған елге, жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. 
Батыр бабаларымыз қолжеткізген қасиетті де ұлы ерлік ел жадында мәңгісақталады!
Ұлы Жеңіс күні тағы да құтты болсын!
Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!”.- деді аймақ басшысы.

"Тағзым" алаңында  «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті

Сұрапыл соғыс жылдары ерлік көрсеткен қаhармандар құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл қойылды.

Рәсімде Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.Қоғам қайраткері, «Ерен еңбегi үшiн» медалі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Нажмадин Түркпенұлы, Қоғам қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» ордені иегері Айтбай Көшербайұлы батасын берді.

Сонымен қатар, жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан Тыл ардагерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

"Тағзым" алаңында  «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті

Айта кету керек, қазіргі таңда облыс бойынша екі Ұлы Отан соғысының ардагері бар, олар Қазалы және Сырдария аудандарында тұрады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы әрбір соғыс ардагеріне 5 миллион теңгеден бір реттік төлем берілді. Сонымен қатар, тылда соғыс жылдары кемінде 6 ай еңбек еткен 1662 ардагерге, сондай-ақ 1481 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем төленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: