Сейсенбі, 04 наурыз, 00:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

03.03.2025

28 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысының игерілуі, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі, санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері, осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы талқыланған жиын өтті. Оған қала, аудан әкімдері және жауапты сала басшылары қатысты.

«Бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет. Мен бұған дейін де үнемі ескертіп келемін, құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Жаңа нысан пайдалануға берілместен бұрын кемшіліктер жөнделуі керек. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмыс мерзімінде аяқталуы тиіс. Құрылысы жүріп жатқан әр нысанның сәулеті мен келбетіне баса мән беру керек. Алдағы мереке күндері коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Тұтынушыларға жарық, жылу, су беруде, жолаушылар тасымалында ешқандай мәселе туындамауын қадағалаңыздар. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда. Тазалық жұмыстарын күнделікті әрі уақытылы жүргізуді тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев. Сонымен қатар, жиында межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатыны ескертілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: