Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгетте көпір ашылды

10.05.2024

5229 0

Фото: Н.Нұржаубай

Он жылдан бері Тасбөгеттің халқы жақын жердің алысының зардабын тартты. Осындағы маңызы жоғары көпір апатты деп танылып, екі жағынан тарс жабылды. Күні бүгінге дейін «Сабалақтағылар» сабылып, жарты қаланы айналып жететін. Көз жеткен жерге қол жетпей, асып өте алмаған талайдың мұңы енді артта қалды. Енді қалаға кірер көпір саны артты, үш бірдей көпір елге қызмет ететін болады.

Өздеріңіз білесіздер, бұл көпірдің су реттеп, егістікке бағыттайтын маңызы жоғары. Жетпіс жылдық тарихы бар бұл көпір 2014 жылдан бері жабылған болатын. Су шаруашылығы министрлігі негізінен мүлдем ашқысы келмеген. Елдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуде облыс әкімі атсалысып, енді жүк көліктерінен басқа көліктердің жүруіне рұқсат берілді. Халыққа тиімділігі жоғары нысанның ашылуы осы аумақтағы халықтың сұранысынан-ақ білінеді, – деді қала әкімі Серік Қожаниязов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: