Жексенбі, 16 наурыз, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

«Таза қазақстан»: Облыс тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

16.03.2025

18 0

Қызылорда Облысының Әкімдігі

Наурыз мерекесі қарсаңында айналаны қоқыстан тазарту, бұлақ көзін ашу, көшет отырғызу дәстүрі қалыптасқан. Кеше «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«KazStroyCapital LTD Kyzylorda» компаниясы «Қызылорда қаласын көгалдандыру» және «Қызылорда қаласының жасыл белдеуі» жобаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыруға кірісті. Кызылорда қаласындағы өндірістік базаға 15 техника әкелінді. Қосымша 38 техника жолда, олар алдағы екі апта ішінде жеткізіледі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев сенбілік барысында жаңа техникаларды көріп шықты. Екі апта ішінде қалада көгалдандыру жұмыстары басталады, яғни ағаш отырғызу, суару жүйесін салу және тиісті инфрақұрылым жеткізу жоспарланған. Аймақ басшысы жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

"Таза қазақстан": Облыс тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Бүгінгі сенбілікке Қызылорда қаласы және аудандардағы 954 мекемеден 10 610 адам, 198 арнайы техника жұмылдырылды. Полигондарға 219,5 тонна қоқыс шығарылды.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес елді мекендер аумағының санитарлық тазалығы қатаң бақылауға алынып, жұмыс үздіксіз жалғасуы қажет. Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке 128 мекемеден 1872 адам қатысып, 81 техника іске қосылды. Жұмысқа «Қызылорда тазалығы», «Жасыл Қызылорда», құрылыс мекемелерінің, орман шаруашылығының техникалары жұмылдырылды. Орталық полигонға 300 текше метр қоқыс шығарылды.

Қызылорда Облысының Әкімдігі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: