Сәрсенбі, 04 ақпан, 23:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

04.02.2026

60 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.


Бүгінде «Таза Қазақстан» ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналды. Бұл ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстаудан басталып, тәртіпке, жауапкершілікке баулиды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында: «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі» деп атап өтті.


Аймақта экологиялық бағдарлама аясында санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде.
Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізілуде.
Демеушілер және бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды аллеясы мен Президент саябағы қайта жаңғыртылды. Оларға заманауи спорт, ойын алаңдары, модульдік-санитарлық пункттер, арнайы эко-бокстар орнатылды.
Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында жылдың
төрт мезгілінде жұмыс істейтін 300 орындық балалар тынығу лагері мен ботаникалық білім беру орталығы, Сырдария өзені үстінен Президент саябағын қаламен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынуда.
Бұл жұмыстар аудандарда да жүйелі жолға қойылған, жаңа демалыс орындарын, аллеяларды, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары қарқын алған.
Өңірде біркелкі дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап елді мекендердегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.
Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Бұл маңызды жобаға соңғы үш жылда 2 млрд. 64 млн. теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: