«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы туралы 24kz телеарнасының арнайы сюжетінде Сыр өңірі тазалық көрсеткіші бойынша бірінші орында екені айтылды.
Облыстың барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Тазалық шараларына 190 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. 8 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 471 сквер мен парк, 221 тарихи-мәдени ескерткіш, 998 әлеуметтік нысан (мектеп, балабақша, спорт, денсаулық сақтау мекемелері және т.б.), 2 820 өнеркәсіп және бизнес нысаны аумағы, 35 су объектісі (өзен, көл, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 23 124 көше бойы (4 025 көпқабатты, 19 099 жер үй ауласы) тазартылды.
Оған 540-тан астам техника жұмылдырылды.Жыл басынан бері өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінген қарағаш, терек және Сыр талының 240 700 көшеті егілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!