Сейсенбі, 25 қараша, 23:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Тексеру қорытындысы талқыланды

25.11.2025

47 0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен облыстық прокуратураның алқа отырысында жер заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы талқыланды. Оған барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Тексеру қорытындысы талқыланды
Тексеру қорытындысы талқыланды
Тексеру қорытындысы талқыланды

Жиында жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу кезектілігін реттеу, Бас жоспар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз иеленген жерлерді түгендеу, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы мәліметтерді кадастр жүйесіне енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының ротациясын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Тексеру қорытындысы талқыланды

Сонымен қатар, отырыста облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, облыстық жер ресурстарын бақылау инспекциясының басшысы Марат Көшеков баяндама жасады.

Қорытындысында саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.

Тексеру қорытындысы талқыланды
Тексеру қорытындысы талқыланды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: