Жексенбі, 14 желтоқсан, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Теміржол вокзалдарындағы жұмыс барысымен танысты

14.12.2025

65 0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов теміржол вокзалдарындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен Қазалы теміржол вокзалын күрделі жөндеуді және жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысын көрді. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қаржыландырылған жоба бойынша ғимараттың іргетасы мен қабырғасы күшейтіліп, шатыры ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жолаушыларға арналған күту залдары заманауи талаптарға сай жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ.

Теміржол вокзалдарындағы жұмыс барысымен танысты
Теміржол вокзалдарындағы жұмыс барысымен танысты

Арал теңізі және Сексеуіл вокзалдарының орнына жаңа ғимараттар бой көтеруде. Бұған дейін ескісін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Алайда іргетасы мен қабырғалары тозғандықтан, жөндеу тиімсіз деп танылды. «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі қабырғасын қалап, бетон орнату, терезе салу және ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде.

Теміржол вокзалдарындағы жұмыс барысымен танысты
Теміржол вокзалдарындағы жұмыс барысымен танысты

Сексеуіл вокзалының жолаушылар перронын абаттандыруға қажетті материалдар жеткізілген, қабырғаларды сылау, еденін құю, терезелер орнату және электр желісін тарту жұмыстары атқарылуда.

Жосалы вокзалында да жұмыс қызу. «Р и А Сервис ЛТД» серіктестігі 1904 жылы салынған ғимараттың фасадын минвата және травертинмен қаптап, жұмыстың 95%-ын аяқтаған. Шатыр жаңартылып, электр жүйесінің 90%-ы тартылған.

Жалағаш пен Тереңөзек вокзалдарындағы құрылыс алаңында техника мен жұмыс күші жеткілікті, қабырға қаланып бітуге жақын.
Жоба жолаушыларға жайлы жағдай жасап, аудандардың инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: