Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Теннисшілерге Президент атынан ракетка табысталды

26.10.2023

546 0

Республика күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің теннисшілерімен кездесті. Мемлекет басшысы өңірге сапары кезінде потенциалы зор жас спортшыларды қолдау жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай теннисшілерге жаңа кәсіби ракеткалар табысталды.

«Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен және Қызылорда облысының 85 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашағымыз. Сіздер спортпен айналысып, салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, дені сау ұлт болашағын қалыптастырып келесіздер. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздермен кездесуде бойларыңыздан жеңіске деген жігерді байқап, қолдау білдіруді тапсырды. Осыған орай, сіздерге аса құрметпен Мемлекет басшысының аманаты – кәсіби ракеткаларды табыстауға рұқсат етіңіздер. Өзі кішкентай болса да, Президентіміздің зор жанашырлығымен берілген бұл сыйлық сіздердің спортқа, оның ішінде үстел теннисіне деген ынталарыңызды арттырып, болашаққа нық сеніммен қадам басуларыңызға септігін тигізеріне сенімдімін. Ал біз өз кезегімізде әрқашан қолдау білдіруге дайынбыз», – деді аймақ басшысы.Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Нағи Ілиясов ауылындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездесіп, ілтипат білдірген болатын.Облыста үстел теннисімен 12 908 спортшы шұғылданады. Қызылордада теннис түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, онда 300-ден аса жеткіншек тәрбиеленуде.©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: