Жұма, 20 маусым, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті

20.06.2025

53 0


Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтіп, оған жауапты сала басшылары қатысты.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов террористік әрекеттерге қорғанысы осал объектілердің қауіпсіздігін жетілдіру туралы баяндап, жағдайды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов қоғамдық – саяси ахуалға тоқталды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» орындалуы туралы хабарлама жасады.
​Отырыс соңында облыс әкімі сала басшыларына талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қызылорда облсы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: