Сәрсенбі, 07 қаңтар, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

06.01.2026

104 0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми құжатты Ақорда сайты жариялады.

Онда мемлекет басшысы цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында келесідей қаулы етті:

1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: