Жексенбі, 05 қазан, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады

05.10.2025

101 0

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: