Жұма, 27 желтоқсан, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Назарбаев басқаратын «Самұрық-Қазына» қорының кеңесін тарату туралы заңға қол қойды

17.11.2023

620 0

Сурет: kazaknews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң президенттің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударуды көздейтін «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. 18 жылдан кейін ақша есепшотта 10 жыл сақталады. Егер азамат осы мерзімде оларды пайдаланбаса, қаражат оның зейнетақы шотына аударылады. Жиналған ақшаны оқу мен баспанаға жұмсауға болады. 

2024 жылдың 1 қаңтарына дейін туған балалар үшін жылдық есептеулер саны кәмелетке толғанға дейін қалған жылдар санына тең болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мақсатты активтер мен талаптарды есепке алу, жинақ шоттарын есепке алу және қаражатты игеру жүктелді.

Қаржы министрлігінің алдын ала есептеулері бойынша, 18 жылдан кейін бала 3500 доллар жинайды. Бір жылдағы есептеулердің орташа сомасы 150-160 долларды құрайды.

Сонымен қатар заңда Нұрсұлтан Назарбаев басқарған «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату қарастырылған.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы заңда 6-1-бап («Қорды басқару жөніндегі кеңес») алынып тасталды», – делінген құжатта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: