Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Пәкістандағы су тасқыны мен нөсер жаңбыр салдарынан мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты.
«Қаза болғандардың отбасына шын көңіліммен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.
Пәкістан мен Үндістандағы нөсер жаңбыр мен су тасқынынан кейін қаза тапқандар саны 365 адамға жетті, оның кемінде 300-і Пәкістанда. Бірқатар елді мекендерді су басқаннан кейін көптеген тұрғындар із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!