Жексенбі, 09 қараша, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Тоқаев пен ФИФА президенті Қазақстанда футболды дамыту туралы сөйлесті

23.09.2025

134 0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: