Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Заңдардың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.
Бұл қадам екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты күшейтуге, қылмыстық істер бойынша ақпарат алмасуды жеңілдетуге және сотталған адамдарды беру тәртібін реттеуге бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
