Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды kursiv.media
Тоқаев көрші елдің басшысына жеделхат жолдап, достыққа негізделген қарым-қатынастың дамып келе жатқанына тоқталған.
«Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын», – деп жазылған жеделхатта.
Президент ҚХР төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, 17 ақпаннан бастап Қытай халқы Жаңа жыл мерекесін тойлайды. Бұл мереке екі аптаға жалғасады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
