Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
