Бейсенбі, 13 қараша, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Тоқаевтың қарашадағы тығыз кестесі: форум, Өзбекстанға сапар және жоғары деңгейдегі кездесулер

13.11.2025

48 0

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14-19 қараша аралығында бірқатар маңызды іс-шараларға қатысады. Астанада ауыл шаруашылығы форумын өткізіп, Ташкент пен Астанада Өзбекстан және Эстония президенттерімен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың мәліметінше, 14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері қаралып, ауыл шаруашылығындағы жаңа бастамалар талқыланады.

14-15 қарашада Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан–Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді, – делінген Ақорданың хабарламасында.

16 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

17-19 қараша аралығында Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.

Ақордадағы жоғары деңгейдегі келіссөздер кезінде мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын және серіктестікті тереңдету мүмкіндіктерін талқылайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: