Сәрсенбі, 27 қараша, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті: Тоқаевтың ұсыныстары мен ұйымға мүше ел басшылары қол қойған маңызды құжаттар тізімі жарияланды

05.11.2023

774 0

Фото:  aqorda_resmi

Түркі мемлекеттерінің саммитінде Тоқаев ұйымның туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтіруді ұсынды. Ұйымға мүше елдерге тағы басқа бірнеше ұсынысын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде келесідей ұсыныс білдірді:

▪️ «Түркі әлемі» атты жаңа брендті дәріптеу; 

▪️ ұйымның туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтіру; 

 ▪️ түркі елдерінде түсірілетін телехикаялар мен анимациялық фильмдерді насихаттау; 

▪️ түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту; 

▪️ тауарларды ортақ нарыққа шығару үшін стандарттарды жүйелеу; 

▪️ биыл ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 млрд доллардан асты, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайту;

▪️ Қазақстанда қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысын және халықаралық энергетикалық форумды өткізу.

Сондай-ақ, саммит барысында қол қойылған құжаттар тізімі де шықты: 

▪️ Астана Актісі;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы; 

▪️  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

▪️ Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; 

▪️ Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім; 

▪️ Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

▪️ Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім; 

▪️ 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

▪️ «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама; 

▪️ Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Еске сала кетейік, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті өтуде. Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: