Бейсенбі, 21 қараша, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үй нарығы:
ескіден жаңа қымбат

13.01.2024

536 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Жылжымайтын мүлік қай кезде де құнын жоймайды десек те, соңғы жылдары баспана бағасы екіге бөлінді. Нарықта жаңа және ескі үйлер деген түсінік қалыптасты. Бұл заңды да. Себебі бүгінде еліміздің қай аймағында да тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Нәтижесінде халыққа таңдау көп. Табысына қарай үй таңдауға мүмкіндік көп. Әсіресе үлкен қалаларда жаңа үйлер бірнеше санатқа бөлінеді. Бір сөзбен айтқанда, құрылыс саласындағы тәжірибелі компаниялар жыл сайын жаңалық енгізуге ынталы. Әрине, бір баспанам болсын деген халық үшін қашанда үйдің бағасы маңызды. Соңғы жылдары үй бағасы тұрақты секілді көрінгенмен, өзгеріс байқалады. Яғни тұрғын үй нарығында жаңа үйлер қымбаттап, ескі үйлердің бағасы сәл де болса арзандаған. Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сүйенсек, бір жылда жаңа үй бағасы 3,4 пайызға қымбаттап, ескі үйлердің бағасы 3,7 пайызға арзандаған. Ал пәтер жалдау ақысы 1,6 пайызға өскен.
Өңірлердегі тұрғын үй бағасына тоқталсақ, бір жыл ішінде Қызылорда қаласында жаңа үйлер 12,6 пайызға, Петропавлда 10,6 пайызға қымбаттапты. Ал ескі үйлер Атырауда 8,2, Қызылорда қаласында 6,9 пайызға қымбаттаған. Ал пәтерақысының қымбаттауы бойынша Жазқазған (33,4 пайыз), Көкшетау (26,1), Қарағанды (23 пайыз) қалалары көш бастап тұр.
Үй сатып алу бойынша өткен жылдың желтоқсан айында ел бойынша 37818 келісім-шарт жасалған, оның ішінде 8238-і жеке үй сатып алу болса, 29580-і көпқабатты үйлерден пәтер сатып алу бойынша құжат рәсімдеген. Үй сату-сатып алу бойынша өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Алматы, Астана, Қарағанды қалалары көш басында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: