Бейсенбі, 19 маусым, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды

19.06.2025

62 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Тұрғындар емделу, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.

Қабылдауда болған зейнеткер қамқорлығындағы баласын облыс әкімінің грантымен оқуға түсуіне көмек көрсетуді, қала тұрғыны облыс орталығынан жер беруді сұрады.

Аймақ басшысы биылға грант бөлінген жағдайда арнайы комиссияға ҰБТ қортындысымен құжат тапсыруға болатынын айтты. Сондай-ақ тұрғын үй, жер учаскесі тек заң аясында, белгіленген кезекке сәйкес берілетіні түсіндірілді. Басқа да көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Жұмысқа орналасу мәселесі де заң аясында, конкурс арқылы шешіледі.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің, орынбасарларының, жауапты сала басшыларының қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: