Бейсенбі, 07 қараша, 10:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Тұтынушылардың құқығын қорғау маңызды

28.10.2023

425 0

Жыл басынан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұрғындар тарапынан 261 өтініш келіп түскен. Бұл өтініштердің 149-ы бөлшек сауда саласына байланысты болса, қалған өтініштер тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметі, электронды сауда, байланыс қызметтеріне қатысты шағымдар.

-Аталған өтініштер заңға сәйкес тексеріліп, нәтижесінде 199 өтініш қанағаттандырылды. Ал қалған 19 өтініш түсіндіріліп, 39-ы басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Осы жұмыстардың нәтижесінде тұтынушыларға 4,4 млн теңге қаржы қайтарылды. Сондай-ақ, тұтынушылардың арыздарын қарау барысында жоспардан тыс 6 тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында кәсіпкерлік нысандарына қатысты ескерту түріндегі 6 әкімшілік жаза қолданылды, – деді Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов. Баспасөз конференциясында техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әбдукаримова жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.-Департаментінің негізгі міндеті – техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу және зергерлік бұйымдар саласында бақылау жүргізу болып табылады. Осы жылдың 9 айында департаменттің тікелей ықпалымен 120 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 104 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар департаментпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 іс қаралып, өндірілген қаржы толық бюджетке өтелді, – деді Айгүл Жақсылыққызы. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Есенгелді Сыздықов та өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.-Облыс көлемінде 24 мал сою алаңы мен 6 пункт бар. Жыл басынан бері мал сою алаңдарында барлығы 10 472 бас мал сойылды. Жүргізілген тексерістердің нәтижесінде 59 кг өнім жарамсыз деп табылып жойылды. Жалпы өңірде 168 бақылаудағы ішкі сауда нысаны бар. Осы сауда нысандарында 14 ветеринариялық инспектор бекітілген, – деді Есенгелді Серікұлы.-Есепті мерзімде тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын сақтамаған 31 әлеуметтік желі парақшасына түсіндірме хаттары жолданды. Сондай-ақ, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық регламенттерді, санитариялық қағидаларды, сапалы және қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалануды түсіндіру мақсатында 13 семинар мен 2 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деді Қызылорда қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: