Жұма, 27 желтоқсан, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын уламай!»:Бибігүл Дәулетбекқызы 

12.08.2024

246 0

Сурет:stan.kz

Танымал журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы жастарға уағыз айтатын сала өкілдерін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілінің айтуынша, әнші әнін айтып, спортшы жаттықтыру керек екенін жеткізді. 

“Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу! Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін! Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!” – деп жазды ол. 

Одан кейін журналист Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың: “Ата-ана – осы өміріңді дұрыстауға да, ақыретіңді дұрыстауға да Алланың берген бонусы” деген сөзіне шүйлікті.

“Мына сөзінен кейін тіпті жиренеді екенсің! Бұған әке-шешесі бонус шығар?! Дәл мен үшін ата-анам – алтын тәжім!”, – деп жазды журналист. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: