Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов , ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров , ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сыр еліне жұмыс сапары аясында жақында іске қосылған «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының жұмысымен танысты.

Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жүзеге асырып жатқан бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен Сырдарияның жол жағалауында салынған тамақ өнеркәсібі бағытындағы шағын өнеркәсіптік аймақ қазан айында ашылып, кәсіпкерлер игілігіне берілді. Жоба құны – 526 млн теңге, мұнда азық-түлік өнімдерін өндіруге бағытталған 8 өндірістік цех іске қосылып, 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлер өз жұмысын бастау үшін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан жылдық 3 пайыздық мөлшерлемемен 157 млн теңге жеңілдетілген несие алды.


Айта кетейік, аймақта экономиканы әртараптандыру мақсатында 2,8 трлн теңгеге 98 жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Биыл инвестициялық жобалар пулы аясында 54 жоба жоспарланған. Қазіргі уақытта 36-сы жұмысын бастап кетті. Олардың қатарында кірпіш, айна, күріш зауыттары, нан-тоқаш, кондитерлік, печенье және макарон өнімдерін өндіру кешені, онкологиялық диагностикалық орталық, шағын өнеркәсіптік аймақ, «Syr darya» коммуналдық базары және сауда үйлері бар.


Жыл соныңа дейін қуаттылығы 240 мегаватт болатын заманауи жылу-электр станциясы, жолаушылар вагондарын жөндеу кешені, түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, тағы бір шағын өнеркәсіптік аймақ және 2 күн-электр станциясы іске қосылады.Өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында құны 553 млрд. 600 млн. теңге болатын 14 жобаның құрылысы басталуда.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
