Сейсенбі, 23 желтоқсан, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

23.12.2025

58 0

Фото: KZgovernment

«Іскер аймақ» бағдарламасы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды.

Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктеріне дер кезінде жасалған жауап екені атап өтілді.

«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз.

Біздің мақсатымыз – тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қаржы министрлігіне «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет.

Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды (бюджеттің 70%-ы) бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

KZgovernment

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: