Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, – деп хабарлайды KAZINFORM
-Бірінші кезекте Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасайды. Еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы айтады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев тоқталады. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды, – деді кеңейтілген отырысты ашқан Мемлекет басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
