Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5%-дан 16%-ға дейін төмендетті. Мұндай шешім ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Жылдық инфляцияның баяулау қарқыны жоғары. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің тежеу саясаты мен азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі аясында біртіндеп төмендеп келеді. Дегенмен назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс және жоғары инфляциялық күтулер – инфляцияның ішкі факторларына жатады. Реттелетін бағалардың көтерілуінен болған қайталама әсерлерден тәуекел күшейді. Олар бұрын теңге бағамының динамикасымен өтелген болатын», – деп түсіндірді Ұлттық Банкте.
Реттеуші банктің баспасөз қызметі 2023 жылы оны одан әрі төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отырғанын хабарлады. Жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын жеңілдету жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда қаралатын болатыны мәдімдеді.
“Геосаяси жағдайдағы белгісіздік – сыртқы секторда бағаның болашақ өсуін қалыптастыратын тәуекелдердің негізгі көзі. Тәуекелдерге Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі мен «Астық мәмілесін» жаңғыртпаудан азық-түліктің әлемдік бағасының ықтимал өсуі жатады. Ақша-кредит талаптарының ұстамды қатаң сипаты 2023 жылдың қорытындысы бойынша болжамды дәліздің төменгі шекарасына 10-12% жақын инфляцияны одан әрі төмендетуге, сондай-ақ оны ортамерзімді келешекте 5%-дық мақсатқа жақын тұрақтандыруға ықпал ететін болады. Ұлттық Банк ықтимал ауытқуларға уақытылы жауап беру үшін жылдық инфляцияның нысанаға келу траекториясын қадағалайды”,-делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!