Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі түрде өтетін «Ұлттық мектеп лигасы» басталды.
Бұл лиганың мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру.
«Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай 5-6, 7-8 және 9-11 сыныптар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынайтын болады.
9-11 сынып оқушылары волейбол волейбол (қыздар) және тоғызқұмалақ, бес асық спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Волейболға 48 мектептен 576 оқушы қатысса, бес асық жарысына 12 мектептен 36 қыз балалалар қатысты.
Жеңімпаз болған мектеп командасы облыстық кезеңге жолдама алатын болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!