Жұма, 29 қараша, 00:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

6 жасар егіз балалар ауруханадан шыққан күні көз жұмған

20.11.2023

553 0

Фотодағы балалардың анасы Stan.kz алынған

Қостанай облысында бір үйдің егіз баласы ауруханадан шыққан күні көз жұмған. Дәрігердің салғырттығынан қос ұлымнан айырылып қалдым деген ана әділдік сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Ананың жан айқайын журналист Асхат Ниязов өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

6 жасар екі бала ауруханаға түсіп, дәрігер барлығы жақсы дегеннен соң үйге шығарылған.

«Дәрігер екі баламды психортопты дәріден уланып қалған деп айтты. Балаларым алты жаста еді, екеуі егіз. Мен түсінбей қалдым. Дәрігер маған бір дәрілердің атын айтты. Үйде аптечканың ішінде болатын дәрілер шығар деп ойладым. Ондайды ешқашан естіген емеспіз. Олар тексерді, қан алды, система құйды. Екі рет жандарына барғанда ұйқтап жатты. Мен неге көп ұйықтап жатыр деп сұрағанда, барлығы дұрыс деді. Ертесі үйге шығарды. Анализдердің нәтижесін сұраған кезде барлығы жақсы деді”, – дейді егіздердің анасы.

Алайда үйге шығарылған күні егіздердің екеуі де ұйықтап, оянбай қалған.

«Маркашов Виктор деген дәрігер еді. Үйге кеттік, барлығы дұрыс еді. Бірақ кешке бес минутқа дүкенге шығып кеткенмін, сок алуға. Балалар мультфильм көріп, ұйықтап қалған. Келген кезде балаларды оятпақшы едім, олар оянбады. Мен қатты қорқып кеттім, көршілерге барып, не болып жатқанын түсінген жоқпын.Бірақ дәрігер “анасы расписка жазып, ауруханадан алып кетті” деп жала жапты. Полицияда очная ставка кезінде де дәрігер олай болмағанын айтты. Прокуратураға, полицияға бардым, бірақ мені кінәлап отыр. Мен қайда барарымды білмеймін”, – дейді ашынған ана.

Полицейлер дәрігерді жақтау үшін, анасы балаларды расписка жазып өзі алып кеткен деген болжамға тоқтаған. Екі ұлынан айырылған ана не істерін білмей дал болып отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: