Сурет: Stan.kz алынды
Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Ақжол-автодорожный» өткізу бекетінде азаматтардың, көліктердің және жүктердің өтуі тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
«Сыртқы көші-қонды тіркеудің бірыңғай жүйесін жаңартуға байланысты 20 қарашада сағат 13:30-дан 15:00-ге дейін мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде орналасқан «Ақжол-автодорожный» өткізу бекетінде адам, көлік мен жүк өткізу тоқтатылады», – делінген хабарламада.
Шекарада 500-ге жуық жүк көлігі жиналып, кептеліс орын алған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!