Ауысқан уақытқа байланысты eGov mobile қосымшасында сауалнама жарияланды. Бұл туралы Dauletten телеграм арнасында жарияланды.
Онда азаматтардан қай уақыт белдеуі оңтайлы деп сұрайды. Жалпы сауалнама 5 сұрақтан тұрады.
Олар келесідей:
Күндізгі уақытта не нәрсеге көп уақытыңыз жетіспейді?
Күніңіздің қай бөлігін ең өнімді деп санайсыз?
Қаламызда кафелер мен фитнес орталықтарын ертерек ашу идеясына қалай қарайсыз? Бұл сіздің күніңізді жайлы ете ме?
Қазіргі қолданыстағы уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай?
Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы? Бұл сұрақта “бұрынғы уақыт белдеуіне оралу” деген нұсқа бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!