Бейсенбі, 03 шiлде, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Запастағы офицерлер назарына

03.07.2025

48 0

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабына сәйкес  2  жылға  әскерге  шақыруға :– медициналық мамандықтар (жалпы дәрігерлік тәжірибе) – мотоатқыштар әскері;– қаржылық қамтамасыз ету;– артиллериялық әскерлер мамандықтары бойынша

29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен 32 жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлерін әскери қызмет өткеруге іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген мамандығы бар запастағы офицерлер  Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (горвоенкомат),  Шүкіров көшесі 101А үй, № 127 кабинетке, тел: 24-50-22, 87780726857 хабарласуларыңызға  болады.

Әлеуметтік кепілдіктері:– медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз  ету  мемлекет  есебінен  жүзеге  асырылады;– киім-кешек мүлігімен жабдықтау нормалары;– тұрғын үйді жалға алғаны үшін кепілді өтемақы;– офицерлердің ақшалай үлесі;– көтерме жәрдемақы, үстеме және басқа да әлеуметтік кепілдіктер  қарастырылған

Запастағы сержанттар мен сарбаздарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырамыз !

Келісімшарт бойынша әскери қызметші – Отанды кәсіби қорғаушы.

Әскери қызметтің мүмкіндіктері мен артықшылықтары:1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ақшалай жалақымен  қамтамасыз етілген  (лауазымына, әскери шеніне және еңбек сіңірген жылдарына байланысты).2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін  әскери  медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз  ету  мемлекет  есебінен  жүзеге  асырылады.3. Мемлекет есебінен белгіленген нормаға сәйкес, заттай мүлікпен (киім үлгісі) қамтамасыз етіледі.

    4.  Тұрғын үйді жалға алу қаражаты кепілді түрде төленеді.

    5.  Кезекшілікті  атқарған кезде, далалық шығуларда, ұшуларды дайындау және орындау кезінде, әскери эшелондарға ілесіп   

жүру кезінде, стационарлық емделуде болған кезде, т.б. белгіленген нормалар бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі. 
6. Жыл сайынғы негізгі демалыстары, демалыстың  ұзақтығы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді.

7. Еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азаматтарға қойылатын талаптар:– Қазақстан Республикасы азаматтығына ие болуға;– Жас мөлшері он сегізден отыз екі жас және алты айға дейінгі болуға;– әскери лауазымына сәйкес әскери есептік – мамандығы болуға; – мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бойынша мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өткен болуға тиіс.Өзін әскери қызмет өміріне арнауға ниет білдірген азаматтар   

   Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына   

   (горвоенкомат), Шүкіров көшесі 101А үй, № 127 кабинет,  тел: 24-50-22,   

   87780726857 хабарласуларыңызға  болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: