Жұма, 08 тамыз, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

08.08.2025

65 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Аймақта ұлттық жоба аясында 2023 жылдан бері 6 900 орындық 10 мектеп салынып, пайдалануға берілуде.

Облыс әкімдігі жергілікті бюджеттен бөлген 118 млн. 400 мың теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, 1 млрд. 700 млн. теңгеге 10 мектептің инфрақұрылымы толық жеткізілді. Мектептердің іргелес аумақтарын абаттандыру мен жол салуға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 80 млн. теңге бөлініп, жұмыс жүргізілді.

Бүгінде облыста 6 мектеп пайдалануға берілді. Оның 5-і әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, техникалық паспорты мен жер телімінің құжаттары әзірленіп, білім басқармасының теңгеріміне алынды. Тағы 1 мектепті «Самұрық Қазына констракшн» акционерлік қоғамы алдағы күндері әкімдікке тапсырады. Қалған 4 мектептің 3-еуі жаңа оқу жылына дейін, 1 мектеп 2-ші тоқсанға дейін ел игілігіне табысталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: