Бүгін Қызылорда облысында кезекті сенбілік өтуде. Елді мекендердің аумағы тазартылып, ағаш отырғызылды.
Сенбілікке қала, аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар қатысуда.
Облыстық басқармалар және оларға бағынысты мекемелер арнайы бекітілген орындарға 400 түп көшет (сыр талы, қарағаш, терек) екті.
Айта кетейік, облыс көлемінде жоспарланған күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары 2 қыркүйек пен 4 қараша аралығында жалғасын таппақ. Іс-шара аясында елді мекендер аумағындағы тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!