Дүйсенбі, 18 тамыз, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Жамбыл облысынан делегация мүшелері жұмыс сапарымен келді

17.08.2025

33 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Меркі ауданының делегациясы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Кездесуге жауапты сала басшылары қатысты.

Облыс әкімі өңіраралық байланыстарды арттыруға әрдайым дайын екенін жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.

«17-19 шілде күндері облысымызға Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары бастаған арнайы делегация келіп,  атқарылған жұмыстармен кеңінен танысқан болатын. Бүгін екіжақты байланыстардың жалғасы ретінде Меркі ауданынан келген әріптестерімізбен кездесудеміз. Біз үшін ауыл, мал шаруашылығы, кәсіпкерлік пен туризм салаларында әріптестік орнатуға мүмкіндік мол. Дақылдарды егу, ет өнімдерін өңдіру бағытында да  бірлесіп жұмыс жасауға  болады. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірі Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қарқынды дамуда. Облысымыздың бюджеті 2022 жылы 364 млн. теңге болса, қазіргі таңда 823 млрд. теңгеден асты. 226 пайызға өсім қалыптасты. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталуда. Биыл 96 жобаның құрылысына бюджеттен барлығы 166 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. 
Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көрсеткіші бойынша өңіріміз республикада үздіктер қатарында келеді», – деді Н. Нәлібаев. 

Басқосуда Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.
Делегация  облыс орталығындағы жаңа әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандармен, атқарылған жұмыстармен танысып, бүгін Сырдария ауданы Бесарық, Нағи Ілиясов ауылдарына барды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: