Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституциядағы Тәуелсіздік пен Егемендік ұғымдарының рөліне тоқталды, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Конституция жобасында біз қос азаматтығы бар адамды Қазақстан азаматтығынан автоматты түрде шығарамыз деп жаздық. Ол унитарлықты қамтамасыз ететін норма. Біз өзімізді Республика, унитарлы республика деп танимыз. Яғни, федерацияға, конфедерацияға, басқа да ұғымдарға жол бермейміз деген сөз. Мұның өзі көп нәрсе, – деді ол.
Депутаттың сөзінше, бұдан былай Қазақстанның Егемендігін сақтау армия мен биліктің ғана тікелей міндеті болмайды.
– Бұрын халық – биліктің қайнар көзі дейтін едік. Енді халық тек биліктің қайнар көзі ғана емес, егемендіктің де тірегі, қорғаны деп белгіледік. Бұл – үлкен жаңалық. Өйткені жауапкершілік тек қана билікте, армияда, Парламентте болмау керек, Қазақстандағы 21 млн халық Тәуелсіздік пен Егемендіктің, мемлекеттік кепілі, қорғаны. Біз осыған келе жатырмыз және қамтамасыз етеміз, – деді Мәжіліс депутаты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
