Сенбі, 21 желтоқсан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылда қанша қылмыс жасалды?

04.01.2024

624 0

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Ішкі істер министрлігінде мереке күндері қанша қылмыс жасалғаны айтылды, – деп хабарлайды Massaget.kz. 

Тәртіп сақшылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы үш күндік жұмысты қорытындылады. Ведомствода атап өткендей, «102» арнасына 29 мыңға жуық қоңырау түскен. Негізінен азаматтар тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдіктер ішу бойынша, сондай-ақ бұзақылық пен мас күйінде көлік жүргізу деректері туралы да мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері республика бойынша 715 қылмыс жасалды, оның 485-і «ізін суытпай» ашылды. Мысалы, полицейлер 68 ұрлықты, 5 тонау қылмысы мен 29 бұзақылықтың бетін ашты.

Тәртіп сақшылары мереке күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді. Мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: