Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қорқыт ата скверін жаңғырту және жаңа жылу-электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қорқыт ата скверін «Астана сервис Ltd» ЖШС жыл соңында пайдалануға бермек. Онда 157 орындық, 100 қоқыс жәшігі, 85 жарық бағанасы орнатылып, 9 500 шаршы метр аумаққа брусчатка төселеді. Сондай-ақ, бұл жерде балалар ойын алаңы, субұрқақ, серуендеуге арналған саябақ салынуда. Абаттандыру жұмыстары да кеңінен жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы құны 215 млрд.теңге, инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы құрылысқа 147 млрд.теңгеден астам инвестиция салды.Негізгі қондырғылар шет елден алынған. Қуатылығы 180 мегаваттық 2 газ турбиналық қондырғы, 95 мегаваттық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығын қою жоспарланған. Жергілікті өндірушілердің материалдары да пайдаланылуда. Қазір негізгі қондырғылар толық жеткізіліп орнатылуда. Бүгінде жұмыстың 80 пайызға жуығы бітті.

Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге орталыққа дейін 45 шақырым газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Құрылыс алаңында негізгі бөлігі жергілікті тұрғындардан құралған 1200-ден астам жұмысшы және 130 арнайы техника бар. Станцияны алдағы IV тоқсанда іске қосу жоспарланған. Бірінші кезекте 1 газотурбиналық қондырғы, 2 жылу қазандығы, келесі жылы қалған қондырғылар қосылады. Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!