Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды

08.12.2025

58 0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Жаңақорған ауданында асфальт зауытының ашылу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды


Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды

​«Өңіріміз құрылысқа қажетті негізгі материалдармен толық қамтамасыз етілген. Цемент, шыны, қиыршық тас, асфальт бетон, металл өңдеу, құрғақ құрылыс қоспалары мен темірбетон бұйымдары өндірісі жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда құрылыс кластері алаңына айналып келеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды», – деген болатын.
«Шалқия тас» серіктестігі асфальт зауыты жобасын былтыр бастап, қазір алғашқы өнімін шығаруда. Баршаңызды облысымыз үшін индустриялық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыда тиімді жоба – асфальт зауытының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Зауыт облысымыздың, оның ішінде Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тігізетіні сөзсіз. Оған атсалысқан жеке инвестор «Шалқия тас» серіктестігіне алғыс білдіреміз. Зауыт жұмысы табысты,
өндірісі берекелі болсын!», – деді Ардақ Темірханұлы.

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды

Рәсімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар және мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев құттықтау сөз сөйледі.

Жаңақорған ауданында асфальт зауыты ашылды

Айта кетейік, «Шалқия тас» серіктестігінің асфальт зауыты жобасы аясында өңірімізге 700 млн. теңге инвестиция тартылды. Барлық инженерлік инфрақұрылым жеткізіліп, мемлекеттік қолдау ретінде 6 гектар жер телімі берілді. «Шалқия» кен орнынан доломит өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы табысталған. Жоба аясында 15 жұмыс орны ашылды. Зауытта сағатына 150 мың тонна асфальт өндіріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: