Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында жол талғамайтын көлік адамдар тобын басып кетуі салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Оқиға дүйсенбі, 11 қараша күні кешке спорт орталығының жанында болған. Қайғылы жағдай кезінде мұнда серуендеп жүрген және спортпен шұғылданып жүрген адамдар көп болған. Зардап шеккендер арасында көптеген қарттар, жасөспірімдер және балалар бар.
Көлікті 62 жастағы Фань есімді ер адам басқарған. Құқық қорғау органдары оны қылмыс орнынан қашпақ болған кезде ұстап алды.
«Полиция қызметкерлері Фаньнің көлікте отырып, пышақпен өзіне жарақат салғанын анықтап, оны дереу тұтқындап, ауруханаға жеткізді», – деп хабарлады полиция.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!