Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 14 жастағы қыз мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz
pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 15 қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.
«Фельдшерлер дереу оқиға орнына кетті, олар үш минутта жетті», – деп хабарлады станция.
Горький көшесінде орналасқан он қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, алған жарақаттарынан мерт болғаны анықталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!