Сенбі, 24 мамыр, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Жастар – елдің ертеңі мен бүгінгі тірегі

23.05.2025

89 0

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясың мүшесі Аманжол Әлтай мен «AMANAT» партиясы саяси жұмыстар департаментінің директоры Еркебұлан Жауылбаев «Bir Tolqynda» диалог алаңында өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, олардың бастамалары мен ой-пікірлеріне құлақ салды.

Кездесу спикерлері ең алдымен «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының жұмысымен танысып, өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылу барысы мен бастамалары жөнінде ақпарат алды.
Мұнан соң «Кітап-AMANAT» орталығының жұмысына шолу жасалып, жастардың білімге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан істермен танысты.

Іс-шараның маңызды бөлігі – белсенді және өнерлі жастармен еркін форматтағы ашық кездесу болды. Жастар өз пікірлерін ортаға салып, спикерге өз ұсыныстарын жеткізді.
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жастардың ой-пікірлерін тыңдап, ел дамуы жолындағы белсенділіктерін жоғары бағалады.

«Санасы сергек, ойы озық, рухы биік ұрпақ – мемлекеттің мәңгі тірегі. Бүгінгі жастар тек технологиямен емес, ұлттық мәдениетпен де сусындауы тиіс. Домбыраның үні мен Абайдың сөзі жүрегіңізде жаңғырып тұрса – сіз елдің шын азаматысыз. Сіздер – тек ертеңнің емес, бүгінгі рухани тірегіміз. Өнер мен ой қатар жүрсе, өркениет соңыңыздан ілеседі. Армандаудан қорықпаңыздар, ал өнер мен мәдениетті қадірлеуден ешқашан жалықпаңыздар», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай.

Кездесуде жастар пікір алмасу жүргізіп, спикерлерімізге арнайы жырдан шашу шашты. Жастарға тарту ретінде Аманжол Дүйсенбайұлы да өлеңнен тарту сыйлады.
Жиын соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: