Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жастар «Сыр жастары» бағдарламасымен жыл аяғында баспаналы болмақ

10.11.2023

917 0

Бүгін «AMANAT» партиясы қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, депутаттық фракция төрағасының орынбасары Раушан Ысқақова және фракция мүшелері, басқарма және дербес бөлім басшылары қатысты.

Отырыстағы күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша Жол картасының Қызылорда қаласына қарасты іс-шараларының орындалу барысы және «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша 100 отбасыға пәтер беру мәселесі талқыланды.

         Жиында облыс жастарына арналған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Отбасы банк» Қызылорда облыстық филиалы «Бизнесті дамыту» бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұрланұлы баяндама жасады. Бөлім басшысының айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн. Теңге және «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн. теңге қаржы бөлінген.  «Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түскен. Өтініш15 қарашаға дейін қаралып, басқарма жанынан құрылған комиссия отырысында санаттар бойынша тұрғын үй квотасы бөлінеді. Содан соң, балы жоғары 100 үміткерге «Отбасы банк» АҚ ҚОФ-нан төлем қабілетін растаудан өту үшін жолдама берілмек. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі отбасылы азаматтарға Сол жағалаудан салынып жатырған 3 бөлмелі пәтер алуға үлкен мүмкіндік береді.

Өтініш берушілердің ішінде ең көбі бюджеттік сала қызметкерлері болса, саны жағынан екінші және үшінші орынға тұрақтаған медицина және педагогика саласының қызметкерлері екен.

Бөлім басшысы азаматтардың өтініші бойынша тиісті ұпай жүйесі арнайы электронды портал арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Бұл сыбайластықтың алдын-алуға мүмкіндік береді. Яғни азаматтардың пәтер алу мүмкіндігін сандық технология анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: