Сәрсенбі, 21 мамыр, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Жазғы тынығу лагерлерінің жағдайына партиялық бақылау жасалды

21.05.2025

74 0

Фото: Аманат партиясы

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру маңызды мәселелердің бірі. Тоғыз ай бойы мектепте оқып, жазғы демалысқа асыға жететін балалардың жақсы демалуына жағдай жасау алдын ала әзірленеді, іс-шара жоспары бекітіледі. Әсіресе, денсаулықты нығайтуға, шығармашылық, танымдық қабілетті арттыруға басымдық беріледі.

Бала қауіпсіздігін өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде санайтын AMANAT» партиясы да өңірде балалардың жазғы тынығу лагерлеріне партиялық бақылау жүргізіп, олардағы балаларға жасалған жағдайлармен танысуда.

Мәселен бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиялары өкілдері облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерімен бірге Қызылорда қаласы, «Мелиоратор» саяжайында орналасқан «Зерентай» балалар тынығу лагерінің жұмысын зерделеді.

«Зерентай» тынығу лагері 420 балаға арналған. Маусым, шілде, тамыз айларында 7 ауысымда жұмыс жасайды. 10 күннен тұратын әр ауысымда 9-14 жас аралығындағы 60 баладан қабылдайды. Балалардың бос уақытын көңілді өткізуге барлық жағдайлар қарастырылған.

Атап өтейік, биыл өңірде балалардың жазғы уақытын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанынан 265 тынығу лагері тамақпен, 291 лагерь тамақсыз ұйымдастырылмақ. Онан бөлек, қала сыртында орналасқан 8 лагерь мен орталықтарда 7 ауысымда 7153 бала демалыспен қамтылады.

Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен Түркістан облысындағы лагерьде 542 оқушы, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 224 оқушы тынығады. Сондай-ақ, 95 мектеп жанында киіз үйлі этнолагерьлер жұмыс жасайды. Биыл балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы бір ерекшелік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жыл – жұмысшы мамандықтары жылына орай «Жас Sкills» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында 8-10 сынып оқушыларын өңірдегі колледждерді материалдық – техникалық базасымен таныстыру, жұмысшы құзіреттілігі туралы жан-жақты кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылығын арттыру бағытында шаралар қамтылған.

Зерделеу жұмыстары барысында Алмасбек Есмаханов лагер директорына мектептегі сабақта бала білім алып, ой-өрісін кеңейтсе, демалыс кезін де қабілетін дамытып, ерекше қызықты, есте қаларлықтай етіп өткізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау керектігін атап өтті.

Атап өту керек, жазғы уақытта балалардың тынығу лагерьлерінің жұмысын күшейту тек маусымдық уақытта ғана емес, жыл бойы жүзеге асыру мақсатында өңірде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен 300 орындық тынығу лагері салынбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: