Жексенбі, 04 мамыр, 16:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

Жеңіс күніне 6 күн қалды. Роза Бағланова — жеңіске жетелеген үміт үні

03.05.2025

10 0

Соғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы — Роза Бағланова. 1941 жылдан 1945 жылға дейін ол барлық майдан шебінде концерт қойды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, жаралы жауынгерлерге көмектесіп, ерлік көрсетті. Бағланова ғана екі мәрте «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әншіге маршал Рокоссовский медаль табыстаған.

Әншінің майдандағы репертуарында 20 тілде орындалған 500-ге жуық ән болды, ол мыңнан астам әскери концертке қатысты.

Роза Бағланованың бағын ашқан ән — Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-городок». Бұл әнді Роза жас кезінде орындап, өзі үлгі тұтқан Русланованың жоғары бағасын алған.

1945 жылғы 9 мамырда ол Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсетті. Роза Бағланова — «Халық Қаһарманы» атағын алған жалғыз әртіс.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: