Сәрсенбі, 30 сәуiр, 13:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Жеңіс күніне 9 күн қалды

30.04.2025

112 0

9 мамыр қарсаңында біз Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы жазбалар циклын бастаймыз. Бүгін сіздерге жерлестеріміздің әскерге шақырылуы туралы әңгімелейміз.

1941 жылдың 22 маусымы, жаймашуақ жексенбі күн еді. Мәскеу уақытымен 12:00-де КСРО Сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радиодан нацистік Германия басып кіргенін хабарлады.

Осы сәттен бастап Қазақ КСР-індегі әскери комиссариаттар үш күн тәулік бойы жұмыс істеді. Әскерге шақырылғандар да, өз еркімен келгендер де көп болды.

1939 жылдан 1941 жылдың маусымына дейін Қазақстаннан 187 мың жауынгер Қызыл армия қатарына шақырылды, олардың 40 600-і қазақтар болды.

Көптеген қазақстандық соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап майдан шебінде болды. Кейін 22 маусым кешіне қарай олардың басым көпшілігі қаза тапқаны немесе із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.

Соғыс жылдары майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам аттанды. Бұған дейінгі 187 мың сарбазды қоса есептегенде, Қазақстаннан барлығы 1 366 000 адам соғысқа аттанған.

600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді. Ал 270 мыңнан астам қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз…

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: